«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Ижев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ижевское отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Мектеп асханасында бракераж комиссиясының тексерісі өтті

13.05.2025

Мектебімізде асхана жұмысына жоспарлы түрде Бракераж комиссиясы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасына, санитарлық нормалардың сақталуына, азық-түлік сақтау жағдайларына және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Комиссия мүшелері дайын тағамдардың сыртқы көрінісін, дәмін, иісін және температурасын бағалап, жабдықтардың жай-күйі мен құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарады. Тексеру қорытындысы бойынша ескертулер анықталған жоқ. Мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деңгейде деп танылды.

Мектеп әкімшілігі асхана қызметкерлеріне адал еңбектері мен оқушылардың денсаулығына деген қамқорлықтары үшін алғыс білдіреді.

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі
Текст