Текст
2019 жылдан бастап «Ижевское орта мектебі» КММ бірінші қабатта, 8 кабинетте электронды мемлекеттік қызметтердің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қолжетімді.
Бұл «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» ашудағы басты мақсат – мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру.
Қазақстан Республикасы электрондық үкіметінің «egov.kz» порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) бар кез келген тұлға ХҚО-ға хабарласпай-ақ мемлекеттік қызметті электронды түрде алу мүмкіндігіне ие.