"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Ижев ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Ижевское отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құжаттар тізбесі және төлқұжат немесе жеке куәлікті алу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

28.03.2022

«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 04-02 / 1478 хатын негізге ала отырып, білім беру ұйымдарының түлектерінің назарына бастапқы құжаттама бойынша ақпаратты ұсынамыз:

«Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттарды беру» мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттар қажет:

16 жастан жоғары:

Туу туралы куәлік; (түпнұсқа, көшірме).
ЖСН (туу туралы куәлікке қоса беріледі); (түпнұсқа, көшірме).
Фото 3,5 * 4,5 - 1 дана;
ата-анасының біреуінің болуы; (жеке куәлігімен немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша заңды өкілімен).
612,6 теңге сомасында мемлекеттік баж салығы. (QR коды бойынша Halyk Bank және Caspian Bank арқылы төлеуге болады).
Шетелдік төлқұжатыңыз болса, өзіңізбен бірге болуы керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін ауыстыру кезінде:

Ескі ID;
612,6 теңге сомасында мемлекеттік баж салығы. (QR коды бойынша Halyk Bank және Caspian Bank арқылы төлеуге болады).
Егер сізде төлқұжат болса, оны өзіңізбен бірге алып жүру керек;
16 жасқа толғаннан кейін сіз туған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне (тіркеу орны бойынша) жүгінуіңіз керек.

Ауыстыру кезінде жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бөліміне (тіркеу орны бойынша) жүгіну қажет.

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст